• Работаем с 2000 года
  • Актюбинский индустриально-профессиональный колледж

  • г.Актобе, ул. Маресьева, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Телефон пр.комиссии: +7 (7132) 59-53-28
    E-mail: aknig2000@mail.ru

  • Менің мамандығым- менің мақтанышым

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Менің мамандығым- менің мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге  мамандықтар бойынша оқытушылар  және  8 мамандық бойынша 1 курс білім алушылар қатысты. Дөңгелек үстелде кіріспе сөз сөйлеген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Бисенов мамандық таңдаудың тұлға болып қалыптасудағы маңыздылығын атап өтіп, білім алушыларға өз мамандықтарын сүюді  және болашақта нағыз кәсіби маман болуларын тіледі. Шара барысында баяндама жасаған білім алушылар «Неліктен мен осы оқу орнын таңдадым?, «Неліктен  мен осы мамандықты таңдадым?»,» Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?», «Оқу орнын бітіргеннен кейін қандай қызмет атқаратын боламын?»  деген сияқты сауалдарға бейне-слайдтың көмегімен жауап берді.Шара барысында мамандар  «Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?» деген сауалдарға әрқайсысы, өз мамандықтарына  байланысты ой- пікірлерін айтып, кеңестерін берді. Білім алушылардың болашақ мамандықтары бойынша  жасаған баяндамалары тыңдаушылардың ерекше  ықыласына бөленді.Білім алушылардың айтуынша, сапалы білім мен мол тәжірибе алу үшін Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінде барлық жағдай жасалған. Бұл өткізілген шара білім алушының тұлға болып қалыптасуына және өмірден өз орнын табуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп , әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қатысқан оқытушыларға және білім алушыларға АЛҒЫС білдіреміз!

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"