—
2023 жылдың 4 мамыр күні Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе политехникалық коллледжінде «Кәсіптік білім – болашаққа бағдар!» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Шараның мақсаты: жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру. Аталған шараға колледжіміздің оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Олар түлектерге кәсіби бағдар беріп, қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игеру жөнінде ақпаратпен бөлісті.




