• Работаем с 2000 года
  • Актюбинский индустриально-профессиональный колледж

  • г.Актобе, ул. Маресьева, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Телефон пр.комиссии: +7 (7132) 59-53-28
    E-mail: aknig2000@mail.ru

  • Семинар

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің  дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Азамат Мажитов 1 курс 1300,1301,1310, 1311 топтары арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық ойындар сайысын ұйымдастырды. 1300 тобы – «Барыс», 1301 тобы – «Бірлік», 1310 тобы – «Молния», 1311 тобы – «Комета» топтары қатысты. Ойынның мақсаты – білім алушыларды  жан – жақтылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын, келешекте өз елінің, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру, спорттық  ойындарға  икемділіктері мен шапшаңдықтарын анықтау. Эстафеталық ойындар сайысына әр топтан 10 білім алушыдан 4 топ қатысты.Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Сайыста баға берер әділ-қазы алқалары сайланды. Соңында жеңімпаз топтар анықталып, шапшаңдылығымен, тапқырлығымен, ептілігімен, аса жауапкершілікпен ширақтық көрсеткен «Барыс» тобы жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, «Бірлік» тобы екінші орын, «Молния» тобы үшінші орынды иеленді. Сайысқа қатысқан топтар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

        Эстафеталық ойындар сайысына қатысып, белсенділік танытқан топ білім алушыларына алғыс айтамыз! Болашақта жетер жетістіктеріңіз көп болсын!

       Жалпы білім беретін пәндер пәндік-циклдік комиссиясының жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж. Кайырова «Жаңаратылған бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңашыл әдіс-тәсілдердің тиімділігі»  тақырыбында шебер — класс өткізді. Мақсаты: оқытушылардың жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу, жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету. Шара барысында пәнаралық байланыс жасалып,  оқытушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, кері байланыс жасалды. Шараны колледж әдіскері Ғ. Қайырханова қорытындылады. Шара өз мақсатына жетті.

    Жалпы білім беретін пәндер пәндік-циклдік комиссиясының жоспарына сәйкес биология пәнінің оқытушысы Ж.Елдашбаева 1 курс 1300 тобы білім алушылары арасында «Дарындылар додасы» атты  сайыс өткізді. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

    1. «Ойлы болсаң, озып көр»

    2. Кім білгір?

    3. Бұл қандай ғылым?

    4. Ойлан тап!

    5. Абракадабра

    6. Ребус «Дарвин»

    Сайыс барысында биология пәніне қатысты сұрақтар, жұмбақтар, термин сөздер берілді. Бұл білім алушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, сабақтан алған білімдерін жетілдіруге бағытталған.

    23-26 февраля 2021 года в Актюбинском региональном университете им.К.Жубанова для преподавателей физической культуры прошел международный обучающий семинар-тренинг на тему «Обучение современным методам по оказанию первой доврачебной помощи». Цель семинара: обучение преподавателей современным методам и техникам оказания первой доврачебной помощи с использованием передовых мировых практик и современного оборудования. На семинаре участвовали преподаватели колледжа Рабаев Ермек Қасенұлы и Мажитов Азамат Анисұлы.Им были вручены сертификаты.

    2020 жылдың 12.11 – 19.11. аралығында жалпы  білім беретін пәндер бірлестігінің жоспарына сәйкес «Ең үздік бейнесабақ»  онлайн байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – жаратылыстану-математика және қоғамдық –гуманитарлық  бағытындағы пән оқытушыларының шығармашылық белсенділіктерін арттыру, оқытушылардың кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңартуда білім сапасын арттыру және білім беру процесінде ғылыми — әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету, жаратылыстану-математика және қоғамдық – гуманитарлық  бағытындағы пән оқытушыларының  озық іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау. Байқауға 13 оқытушының бейнесабағы ұсынылды.Байқау қорытындысы бойынша оқытушылар төмендегідей орындарды иеленді.

    1-орын: Ильясова С.Ж.- математика пәнінің оқытушысы

    2-орын: Кайырова Ж.К. – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

    3-орын: Калдыгулов С.Т. – алғашқы әскери дайындық пәнінің  

                  оқытушысы.

    Оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.Құттықтаймыз!!!


         Жалпы  білім беретін пәндер бірлестігінің жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика, физика, химия, биология   пәндерін оқытуда жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың оқу нәтижелерін жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып жетілдіру.  Семинарда Елемесова Ф.Б.- химия пәнінің оқытушысы,Тогузбаева Л.Ш.- биология пәнінің оқытушысы, Аимқұл А.Б.- физика пәнінің оқытушысы, Жакупова С.Т. – ПЦК төрайымы, өздерінің мазмұнды әрі тиімді  іс — тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында оқытушылармен кері байланыс жасалып, оқытушылардың семинар туралы пікірлері тыңдалып, ұсыныстары айтылды.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"