• Работаем с 2000 года
  • Актюбинский индустриально-профессиональный колледж

  • г.Актобе, ул. Маресьева, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Телефон пр.комиссии: +7 (7132) 59-53-28
    E-mail: aknig2000@mail.ru

  • «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» мерекелік іс — шара

    16 — желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің  оқытушылары Ж.Елдашбаева және  Г.Жеңісованың ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» тақырыбында 1- курс білім алушыларымен  мерекелік іс-шара өткізілді.Білім алушылар  сан ғасырлық тарихы бар еліміздің өткенінен сыр шертіп, тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалармен және жаңа заманда Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Шараның мақсаты: білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту, өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру. Шарада білім алушылар  желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайраттың монологынан үзінді оқыды, слайдтар қорғады,  тәуелсіздік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Мерекелік іс — шара барысында білім алушылардың  бойындағы еліне, жеріне деген патриоттық сезімдері шыңдала түсті.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"