Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай
Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы С. Калдыгулов 1300 тобында «Тәуелсіздік қырандары» атты әскери — патриоттық сайыс өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру. Сайысқа 3 топ І топ — «Қайсар», ІІ топ -» Жасұлан «, ІІІ топ — «Барыс» топтары қатысты. Сайыста саптық байқау, автоматты толық емес бұзып жинау, саппен ән айту кезеңдері бойынша сынға түсті.Сайыста білім алушылар біліктілік,өнер — жігерлілік, ептіліктерін, шапшаңдықтарын көрсете білді. Сайыстың нәтижесі бойынша 1-орын «Барыс» тобы, 2-орын «Қайсар» тобы, 3-орын «Жасұлан» тобы иеленді. Сап түзеген болашақ сарбаздарымыздың сәтті күні көп болсын!