• Работаем с 2000 года
  • Актюбинский индустриально-профессиональный колледж

  • г.Актобе, ул. Маресьева, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Телефон пр.комиссии: +7 (7132) 59-53-28
    E-mail: aknig2000@mail.ru

  • Әдістемелік жұмыс — сапалы білім негізі

    Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу — тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс — әрекеттер мен шаралар жүйесі.  Ол әрбір оқытушы мен білім алушының біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан — жақты арттыруға бағытталған (оқытушылардың  өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін — өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар. Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу — тәрбие жұмысын басқару, оқытушылардың  өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл білім алушылардың танымдық ойлау қызметін жандандырып, терең білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады. Оқу жылының басында оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспары бекітілді.

    Оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 20.11-30.11.2017ж. аралығында «Мұнай-газ ісі және ақпараттық технологиялар» бөлімінің, 04.12-14.12.2017ж. аралығында «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК-ның онкүндігі және 19.02-28.02.2018ж. аралығында «Технология және спорт» бөлімінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар жоспарға сай өткізілді.

    Сонымен қатар, колледж білім алушылары облыстық, республикалық деңгейде өтіп жатқан ғылыми –тәжірибелік конференцияларға қатысуда.

    Колледж оқытушылары бес жыл сайын өз біліктіліктерін арттырып отырады.  2018 жылы аттестаттаудан өтуге 5 оқытушы өтініш білдірді.  Олардың 2-і жоғары санатқа өтуге, атап айтсақ:

    1. Дуймуханов С.Т. — өндірістік оқыту шебері

    2. Тормантаева И.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

    Үш оқытушы өздерінде бар жоғары біліктілік санатттарын растауға:

    1. Бисенов М.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

    2. Жакупова С.Т. – физика және информатика пәндерінің оқытушысы

    3. Умирзакова С.С. – математика және информатика пәндерінің оқытушысы.

    Олардың өтініштері колледждің аттестаттау комиссиясы отырысында қаралып, облыстық білім беру басқармасының басшысына аттестаттаудан өтуге сұраныс жіберілді.  Оқытушылардың портфолиолары жинақталып, алдын-ала облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтан сараптамадан өтті. Наурыз айының 30-нда оқытушылардың портфолиолары облыстық білім беру басқармасының аттестаттау комиссиясы отырысында сараптамадан өтіп, әр оқытушы өтініш берген жоғары  біліктілік деңгейіне сәйкес келеді деген шешім шығарылды.

     Оқу жылының  ІІ-жартыжылдығында колледжде білім алушыларының  өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Үздік электрик», «Үздік автомеханик» және «Үздік бағдарламашы» байқаулары өтті. Өткізілген байқаулардың мақсаты — мамандығы бойынша оқитын білім алушылардың біліктілік деңгейін анықтау, өз мамандығына деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін анықтап, демеу көрсету.

    «Үздік автомеханик» байқауына 2160 тобынан 5 білім алушы қатысты.

    1. Волчков Иван

    2. Камалиденов Никита

    3. Кирпиченко Алексей

    4. Марат Аман

    5. Маулемов Алим

    Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Кирпиченко Алексей, ІІ-орынды Маулемов Алим, ІІІ-орынды Камалиденов Никита иеленді.

    «Үздік электрик» байқауына 2030 және 3109,3209  топтарының білім алушылары қатысты.

    1. Ғинаят Сержан

    2. Пелешко Григорий

    3. Сираев Серик

    4. Жураковский Олег

    5. Темиргали Рақымжан

    6. Алибеков Досбол

    Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Сираев Серик, ІІ-орынды Жураковский Олег, ІІІ-орынды Ғинаят Сержан иеленді.

    «Үздік бағдарламашы» байқауына 2140 және 3140 тобының білім алушылары қатысты.

    1.Живетин Станислав

    2. Ибрагимов Руслан

    3. Иванов Михаил

    4. Тимошенко Олег

    5. Шинко Евгений

    Байқау қорытындысы бойынша І-орынды Ибрагимов Руслан, ІІ-орынды Живетин Станислав, ал  Тимошенко Олег ІІІ-орынды иеленді. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.  Байқау барысында білім алушылардың өз мамандығына деген  қызығушылықтары байқалды. Олар  теория мен тәжірибе  жүзінде алған білімдерін шыңдап көрсетті.

    2018 жылы 9-13 сәуір аралығында  колледж білім алушылары арасында «WorldSkills Kazakhstan Aktobe» чемпионаты өтті. Чемпионаттың мақсаты: кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту арқылы жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру. Хромтау тау-кен техникалық колледжінде өткізілген  «Слесарь ісі» құзыреттілігі бойынша қатысқан 2160 тобының білім алушысы Маулемов Алим және 3160 тобының білім алушысы Бердибаев Бекзат (жетекшілері: Дуймуханов С.Т.) ІІ-орынды иеленді. Ақтөбе автожол колледжінде «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және ТҚК» құзыреттілігі бойынша қатысқан 3160 тобының білім алушысы Франц Феликс (жетекшісі: Кыдралина Б.Л.) ІІ-орынды иеленді. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен және қаржылай  сыйақымен марапатталып, мамыр айында өтетін  аймақтық чемпионатқа жолдама алды.

     Қорыта айтқанда, педагогке қажетті  кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды  меңгерген оқытушы білім алушыны  оқытуда, білім алу нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. 

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"